ШҚО-да екі кішкентай немересімен бірге әжесі де ЖКО-да жан тапсырды

Күні: 17:57, 27-03-2019.

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында екі кішкентай немересімен бірге әжесі де ЖКО-да жан тапсырды, деп хабарлады Yk-news.kz.
«23 жасар «ГАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі алдында келе жатқан жеңіл көлікті басып озуға тырысқан. Сол кезде алдындағы көліктің жанынан соғып, тас жолдан ұшып кетіп, аударылған. Аударылған көліктегі үш жолаушы да оқиға орнында жан тапсырған. Оларың екеуі кәмелетке толмағандар», - деп хабарлады сәрсенбіде ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұразина.
«Волга» көлігінің тағы бір жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Хабарда атап өтілгендей, ЖКО Омск-Майқапшағай тас жолында болған.
«Ресми емес дерек көзінің ақпарынша, «ГАЗ» маркалы көлігінде егде жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың үш және алты жастағы немерелері болған. Қайтыс болған – әжесі мен екі немересі», - делінген хабарда.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: