ШҚО-да «Иисус Христостың дүниеге келуі» («Рождение Христа») картинасын шіркеуден ұрлады

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында «Иисус Христостың дүниеге келуі» («Рождение Христа») картинасын шіркеуден ұрлады, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Көкпекті ауданының полицейлері бұл ерекше ұрлықты әшкереледі. Ол 29 жасар қаскөй болып шықты, ол шіркеуден «Иисус Христостың дүниеге келуі» бейнеленген картинаны ұрлап кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 2020 жылдың 14 қаңтарынан 15 қаңтарына қараған түні Көкпекті ауданы Самара ауылында орналасқан шіркеу аумағына көрінбей кіріп, құны Т250 мың тұратын көркем кескіндемені заңсыз иемденген», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Заттай айғақтар тәркіленіп, қайтарылды», - деді полицейлер.

adimage