ШҚО-да ірі дала өрті сөндірілді

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында ірі дала өрті сөндірілді, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«8 қазанда Күршім ауданындағы өрт бөліміне Күршім ауылдық округіндегі «Сатжол» учаскесінде 40 га алқапта далалық өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Өрт шыққан жрге ӨБ-30 кезекші карауылы шыққан. Оқиға орнына жеткенде өртті Күршім орман шаруашылығының орманшыары сөндіріп датқан, бірақ өртті ңүлкен алқапты шарпуынан, қалың шөп пен жанында шөмеле болып жиналған шабылған пішеннің болуынан қосымша күш пен құрал шақырылған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, сағат 18.10-да қызыл жалын шарпыған аумақ 70 га құраған, оның ішінде 2,6 га орман аумағы мен 60 тонна шабылған пішен аумағы.
«Өрт толығымен сағат 20.11-де сөндірілді», - делінген хабарда.
Өртті сөндіруге ӨБ-30 14 қызметкері, орман шаруашылығының 11 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 13 қызметкері, төрт жергілікті тұрғын жұмылдырылған.
«Өрт шығуының алдын-ала себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы», - деп хабарлады ТЖД-ден.

adimage