ШҚО-да коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өз жұмысын бастады

Өскемен. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өз жұмысын бастады, деп хабарлады ШҚО әкімі.
«ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды. Өңірдегі барлық медициналық өңірлер жоғары дайындық режимінде жұмыстарын бастады», - деп хабарлады өңір басшысы Даниал Ахметов.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, облыста вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің қажетті қоры, 12,4 мың қорғаныс кастюмі, 670 мың респираторлар, 7 млн бір реттік бетперде, сондай-ақ, екі жеке көліктік капсула бар.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қосымша дәрі-дәрмекке, медициналық бұйымдарға, төрт жеке көліктік капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныс кастюміне өтінім жасалды», - делінген хабарда.
Ахметов еске салғандай, облыстың шығыс бөлігі ҚХР-мен шекаралас.
«Ағымдағы жылдың 2 ақпанына дейін «Бахты» және «Майқапшағай» шекаралық кедендік бекеттері арқылы өту уақытша тоқтатылды. Санитарлық-бақылау пункттеріндегі барлық шекаралық бекеттер тепловизорлармен жабдықталды. «Бахты» мен «Майқапшағайда» алты тепловизор бар. Семей мен Өскемен әуежайларында жолаушыларға мониторинг жасау үшін үш тепловизор жұмыс жасап тұр. Алдағы күндері «Ақтоғай» т/ж станциясын тепловизормен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда азаматтар мен тауарларды екі бағытта жылжытуды толық тоқтату мәселесі қаралуда», - деді облыс әкімі.
Ахметовтың айтуынша, ағымдағы сәтте облыс аумағында аталмыш вирусты жұқтырғандар тіркелмеген.
«ШҚО-да денсаулық сақтау министрлігімен бірге коронавирустың таралуын болдырмау шаралары бойынша халық үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медқызметкерлер үшін дәрістер, семинарлар жүргізіліп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау бақармасының базасындағы call-орталықта коронавирус профилактикасы бойынша халыққа кеңес беретін «шұғыл желі» ұйымдастырылған», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі орын алды. Соңғы ақпарға сәйкес, қазір 2.7 мың науқас тіркеліп, олардың 80-і көз жұмған. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанда да пневмонияның өршуіне орай әуежайлар мен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейтті. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға коронавирустың таралуына орай Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға ұсыныс білдірді. ҚР СІМ ақпарынша, Қытайдың Ухань қаласында 98 қазақстандық студент қалып отыр.
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты.
Кейін белгілі болғандай, «Қорғас» ШЫХО коронавирус профилактикасы мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іске қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойына хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы және аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты ақпарат ала алады.



adimage