ШҚО-да марал мүйізін заңсыз тасымалдаушылар ұсталды

Күні: 12:02, 08-01-2019.

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ –Шығыс Қазақстан облысында марал мүйізінің заңсыз тасымалының жолы кесілді, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері Зайсан ауданында ШҚО жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патруль кезінде сауда үйлерінің бірінің маңында Toyota Сamry маркалы көлігін тоқтатқан. Олар Toyota Сamry маркалы көлігінің ішінен 20 дана мүйіз тапқан. 28 жастағы автомашина иесі құқық қорғаушылардың сұрақтарына жауап бере алмаған және оның мүйіз тасымалдауға негіз болатын ешбір құжатының болмағаны да анықталды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, марал мүйізін заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 389 б. 1 б. сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
«Аталмыш дерек бойынша материалдар құзырлы органдарға берілді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: