ШҚО-да марал шаруашылығының қызметкерлері түнде өзеннің ортасында қалып қойды

Өскемен. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында марал шаруашылығының қызметкерлері түнде өзеннің ортасында қалып қойды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«10 желтоқсан күні кешке Алтай ауданында, Быково ауылынан 7 шақырым жерде марал шаруашылығының 9 қызметкері Бұқтырма өзені арқылы "Урал" жүк көлігімен үйге бет алған. Алайда, өзенде пайда болған бұжыр мұз оларға соқпақ жолдан өтуге мүмкіндік бермеді. Саяхатшылар өзеннің ортасындағы аралда қалып койды», – делінген хабарда.
ШҚО ТЖД қызметкерлері адамдардың "қамалған" орнына келіп, жүзу құралдарының көмегімен 9 ер адамды жағаға шығарып, оларды жылы "Кунг" көлігіне отырғызды. Содан кейін олар ең жақын жердегі Быково ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді, содан кейін олар өз бетінше үйлеріне қайтты.
Түнгі құтқару операциясына жеке құрамның 12 адамы, 3 бірлік техника және 2 жүзу құралы қатысты.

adimage