Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында мас әуесқой жүргізуші Павлодар-Алматы пойызына соқты, деп хабарлады YK-news.kz.
«Жеңіл көліктің 20 жасар жүргізушісі жабық шлагбаумға назар аудармай, темір жол өткеліне шығып кеткен. Сөйтіп жеңіл көлік пойызбен соқтығысқан, пойыз Павлодар-Алматы бағытымен кетіп бара жатқан. Ешкім ауыр жарақат алмаған. Медициналық куәландыру жеңіл көлік жүргізушісінің жеңіл түрдегі алкогольді масаң күйде болғанын көрсетті», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Хабарда атап өтілгендей, оқиға 30 мамырда сағат таңғы 4.30-да Семейде темір жол өткелінде орын алған.
ШҚО-да мас әуесқой жүргізуші Павлодар-Алматы пойызына соқты
