ШҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндірді деген күдікпен алты адам ұсталды

Өскемен. 22 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірді деген күдікпен алты адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

«Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобын анықтады», – делінген хабарламада.

Олардың әрекеті әуеден бақылау арқылы әшкереленген.

Тергеу шаралары барысында экскаватор, үш металл іздегіш, екі автокөлік және топырақ үлгілері тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жер қойнауын пайдалануға келтірілген залал көлемін анықтау үшін сараптама тағайындалды.



Фото көзі: официальный интернет-ресурс МВД РК


adimage