ШҚО-да сәрсенбіде бұршақ жауып, жел күшейеді

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбіде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидроме» РМК баспасөз қызметінен.
«22 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршак күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, Өскемен қ.: 22 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 22 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан cоғатын жел батысқа ауысып 15-20 м/с дейін жетеді.

adimage