ШҚО-да үш үй мен 59 ауланы су басты

Күні: 12:45, 02-04-2019.

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Бесқарағайда су басқан үйлерден 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады құтқарушылар, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«Ауыл маңында орналасқан көлдерге қар суы мен жерден шыққан сулар келуін жалғастыруда. Қазіргі таңда Октябрь, Молдожанов және Гоголь көшелеріндегі 3 үйді су басты, сондай-ақ, 59 аула суға кетті», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай Куликовское өзенінен суды бұру үшін ұзындығы 15 метр және тереңдігі 30 см болатын 3 траншея қазылды. Су деңгейі тұрақталды, алайда қазір су Қамыскөл өзеніне қарай ағуда.
«Қізіргі таңда біз 2 тіркемелі мотопомпа орнаттық, олар сағатына 500 текшеметрге дейін суды ағызуға қабілетті, жалпы қазіргі уақытқа дейін 144 мыңнан астам текше метр су айдалған. Жергілікті атқарушы органдар жүк тиегіштер, камаздар, экскаваторларды жұмылдырған. Топырақ үйу жұмыстары жалғасуда», - деп келтірілген ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Александр Ломыгиннің сөзі.
Сондай-ақ Бесқарағай  ауылындағы колледж, орта мектеп пен балабақша базасында үш эвакуациялық пункт бар. Олардағы орташа толымдылық 20 шақты адамды құрайды.
«Бесқарғай ауданын Павлодар облысының шекарасына дейін ШҚО ТЖД бастығы Нұрлан Мадьяровтың аралап ұшып шығуы жоспарлануда», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: