ШҚО-да шекарашылар 3 мың түп қарасораны жойды

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында шекарашылар шамамен 3 мың түп қарасораны жойды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Кеше 09.30-13.00 аралығында «Шығыс» өңірлік басқармасының Зайсан шекара жасағының «Ақжон» заставасының шекарашылары Дайыр ауылдық округі полициясының учаскелік инспекторымен бірге өртеу арқылы жалпы алаңы 70 ш.м. (шамамен 3 мың түп) болатын жабайы өсіп тұрған есірткі шөбінің көзін жойған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, Орал шекара жасағының «Орал» заставасының шекарашылары да Рубеж өзенінің маңынан жабайы өсіп тұрған қарасора алқабын байқаған.
«Оның жалпы алаңы 300 ш.м. (шамамен 1 мың түп). Орал маңы полиция бөлімінің қызметкерлері бұл туралы хабардар етілді», - делінген хабарда.

adimage