ШҚО-да Шрек және Пони ойыншықтарынан қауіпті химикаттар табылды

Күні: 18:29, 08-05-2019.

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – ШҚО-да Шрек және Пони ойыншықтарынан қауіпті химикаттар табылды, деп хабарлады YK-news.kz.
«Сәуірде облыс орталығындағы сауда нүктелерінде санитарлық-химиялық талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтардың екі түрін анықтады. Сонымен Қытайдан шыққан Шрек ойыншығында екі қауіпті заттың нормадан жоғары екені белгілі болды: формальдегид және изопропильді спирт. «Пони» ойыншығында да (ҚХР-да шығарылған) спирттің құрамы литріне 0,6 килограмды құрады, ал негізі нормасы 0,1 болуы керек», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Жергілікті билік қауіпті ойыншықтарды тәркілеуге кірісті және аталмыш өнімді Қазақстанға кімнің кіргізгенін анықтамақ.


Жаңалықтармен бөлісу: