ШҚО-да Тұрғұсын ГЭС кейбір нысандарын нөсер жауын-шашын салдарынан су басты

Күні: 11:30, 22-05-2019.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында Тұрғұсын гидроэлектрстанциясы (ГЭС) кейбір нысандарын нөсер жауын-шашын салдарынан су басты, деп хабарлады YK-news.kz.
«Тұрғұсын өзенінде су деңгейі көтеріліп, кейбір гидроэлектр нысандарын су басты», - делінген хабарда.
Тұрғұсын ГЭС жұмысшыларының айтуынша, өзендегі су деңгейі 20 мамыр түнде көтеріле бастаған.
«Қатты ағыс құрылыс материалын құлатып, техника мен вагоншаны басқан. Зардап шеккендер жоқ. Ресми емес ақпар бойынша қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: