ШҚО-дағы Үлбі өзенінде мырыш мөлшері рұқсат етілген межеден 140 есе асып кетті

Өскемен. 20 сәуір. ҚазТАГ – ШҚО-дағы Үлбі өзенінде мырыш мөлшері рұқсат етілген межеден (РЕМ) 140 есе асып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Су бетінің сапасына жүргізілген мониторинг қорытындыланды. Наурыз айында Шығыс Қазақстандағы ірі өзендердің бірі – Үлбі «шамадан тыс ластанған» санатқа жатқызылды. Бұл айда  Үлбі өзеніндегі мырыш мөлшері  РЕМ-нен 140 есе асып кетті», - делінген «Қазгидромет»РМҚ-ның жұмадағы хабарламасында.
Сонымен, Үлбі өзенінде наурызда 1 жоғары ластану және 2 рет судың жоғары ластануы тіркелді.
«Қазгидрометтің» 1 наурызда алған су сынамаларында мырыш мөлшері РЕМ-нен  140,5 есе асты. Дәл сол күні Үлбі өзеніндегі марганецтің мөлшері РЕМ-нен 51,5 есе жоғары болды. Сонымен қатар,  Брекса, Глубочанка мен Красноярка өзендерінде де мырыш пен марганецтің мөлшері тым жоғары  екені анықталды», - деп толықтырды гидрометеорологтар.

adimage