ШҚО-дағы өрт салдарынан 61 жасар әйел қайтыс болды

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысындағы өрт салдарынан 61 жасар әйел қайтыс болды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.  
«Өрт бүгін сағат 05.00-де Зыряновск ауданы Парыгин ауылында орын алды. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілеріне жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы көршілерінен хабар келіп түскен.  Үйдің ішінде иесі болған, ол өздігінен далаға шыға алмай көмек сұраған.  (…) Өрт сөндірушілер келіп жеткенде от бүкіл үйді шарпыған. Өртеніп жатқан үйдің ішіне кірген өрт сөндірушілер 61 жасар марқұмның денесін алып шыққан. 2 сағаттан кейін өрт толық сөндірілген. Өрт алаңы 80 ш. м. құраған», - деді  Р. Иманқұлов бейсенбіде.
Ол атап өткендей, өрттің шығу себебінің  2 нұсқасы қарастырылуда:  от жағу кезінде сақтық шараларының сақталмауы және электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.  
Көршілерінің айтуынша, 61 жасар әйел жалғыз тұрған, өздігінен қимылдауы қиын болған.  
Атап өтелік, Парыгино ауылы жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 35 ш қашықтықта орналасқан.      

adimage