ШҚО-дағы тұрғын үйде екі бала газдан уланып қайтыс болды

Күні: 10:15, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Семейге жақын жерде орналасқан ауылдағы екі қабатты үйде екі бала ыстан уланып қайтыс болды, деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«1 сәуірде сағат 14.19-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Семейге жақын маңда орналасқан Холодный ключ ауылындағы екі қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде бірінші қабаттағы пәтердің қонақ бөлмесіндегі 5 ш.м. алаңдағы жиһаз өртенген», - деп хабарлады Нұрахметов сейсенбіде.
Оның ақпарынша, өртті сөндіру кезінде жуынатын бөлмеден 2012 және 2015 жылы туылған екі баланың мәйіті табылған.
«Алдын-ала ақпар бойынша қатты түтін салдарынан олар ыстан уланған. Ата-аналары үйде болмаған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрт шыққан жерден тағы екі көршісін алып шыққан. Өрт 14.56-да ауыздықталып, 15.12-де толық сөндірілген. Өрт себебі анықталуда», - деді ТЖК өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: