Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысындағы Қытаймен шекарадағы «Таскескен-Бахты» тасжолы биыл толық пайдалануға беріледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Бүгінде нысанда бұрғылау, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолшылар жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон жабынын төсеуде. Алдағы уақытта темір-бетон құбырларын орнату, Таскескен ауылында «Жол эксплутациялық пунктін» жөндеу жұмыстары басталады. 2019 жылы учаскедегі жұмыстар толық аяқталып, пайдаланымға беріледі деп жоспарлануда», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
«Таскескен-Бахты» (ҚХР шекарасы) автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың соңында басталды.
«Жоспар бойынша жолшылар ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым жол учаскесін жаңартуда. Аталмыш учаскедегі жұмыстарға 83 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 151 адам жұмылдырылған», - деді ұлттық компаниядан.
ШҚО-да Қытаймен шекарадағы тас жолды жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады
