Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында жүйелі түрде пара алып келген Өскемендегі ветеринария және ауыл шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы Серікхан Күдебаев пен сол бөлімнің бұрынғы бас маманы Қуаныш Серіков айыппұлмен құтылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«15 қазанда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталмыш лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін айыпты деп танылып, әрқайсысына Т1 638 000 көлемінде айыппұл тағайындалды және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады сәрсенбіде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінен.
Көрсетілген шенеуніктер жалпы қолдау көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алып келген деп айыпталуда.
ШҚО-да жүйелі түрде пара алып келген ветеринария саласының шенеуніктері айыппұлмен құтылды
