ШҚО-да жазда Алакөл мен Достыққа қосымша пойыздар шығады

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында жазда Алакөл мен Достыққа қосымша пойыздар шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. №459/460 «Өскемен-1 – Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1- ші жұлдызынан бастап 31-ші тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
№457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тамыздың 31-не дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 17 сағат 13 минут. Кейін қарай пойыз Достықтан 2 маусымнан бастап шығады, 1 қыркүйекке дейін жұп күндері шығатын болады. Жолда жүру уақыты 17 сағат 16 минут.
Сонымен қатар, «Алматы –Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні сағат 20.15-те, ал кері бағытта – Орал қаласынан 28 мамыр күні 11.40-та жолға шығады.

adimage