ШҚО-да жоғалған бір жарым жасар баланың денесі табылды

Өскемен. 20 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында жоғалған бір жарым жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өкінішке орай 17 тамызда Алтай ауданы Среднигорное ауылында үйдің ауласынан жоғалып кеткен бір жарым жасар бала өлі табылды. Баланың денесі үйдің ауласындағы құдықтың түбінен табылды», - деп хабарлады сейсенбіде ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Анастасия Скляр агенттік тілшісіне.
Белгілі болғандай, бала аулада ортаншы әпкесімен ойнап жүрген, ал анасы үлкен қызымен үйде тамақ әзірлеп жатқан.
Еске салсақ, бір жарым жасар баланы 17 тамызда құтқарушылр тобы, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы орган өкілдері, еріктілер тобы іздестірді. Іздестіру жұмыстары аулы маңында жүргізілді. Полицейлер ауыл тұрғындарынан сұрастырған, құтқарушылар бала тұратын үйден 20 шақырым қашықтықта орналасқан жақын маңдағы құрылыс орындарын, құдықтар мен жертөлелерді, өзен арнасын тексеріп шыққан.

adimage