Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында өңір басшысы Даниял Ахметов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Бақытжан Кәкенкаджиұлы Байахметов тағайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Байахметов соңғы тағайындалғанға дейін 2014 жылдың желтоқсанынан бастап ШҚО Аягөз ауданының әкімі болған, ал оған дейін 2014 жылдың шілдесінен бастап 2014 жылдың желтоқсанына дейін – облыстың Ұлан ауданының әкімі болды. Оның алдында 2010 жылдың қарашасынан 2014 жылдың шілдесіне дейін Аягөз қаласының әкімі болған.
ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
