ШҚО республикалық тас жолының 60 шақырымында кейбір көліктер үшін шектеулер енгізілді

Күні: 11:57, 01-11-2019.

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында республикалық тас жолының 60 шақырымында қыс мезгілінде кейбір көліктер үшін шектеулер енгізілді, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Рахман кілті республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 6-66 шақырымы аралығында 2019-2020 жылдары қыс мезгілі аяқталғанға дейін тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жүруге шектеу енігізіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Шектеу 2 қарашадан бастап күшіне енеді.


Жаңалықтармен бөлісу: