ШҚО табиғи ресустар басқармасының басшысы пара алу кезінде ұсталды

Күні: 09:50, 13-11-2014.

Өскемен. 13 қараша. ҚазТАГ – Ағаш кесу қорын бөлуге пара алғаны үшін «Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жетекшісі Дәурен Тілеубаев ұсталды, деп хабарлады мемқызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істер жөніндегі департаменттегі дереккөз.
«Басқарма басшысы Дәурен Тілеубаев 11 қараша күні Глубоков ауданының кәсіпкерінен пара алып жатқан жерінен ізі суыай қолға түсті, пара ағаш кесу қорын бөлуге арналған», - деді әңгімелесуші бейсенбіде.
Оның айтуынша, қаржы полициясы қазан-қараша бойы басшыға ақша берудің бірнеше эпизодтарын тіркеген, мұнымен қатар ұстау «кәсіпкердің кабинетке соманың қалған бөлігін апарған» сәтінде орын алған.


Жаңалықтармен бөлісу: