ШҚО және БҚО-да сәрсенбіде дабылды ескерту жарияланды

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 қаңтарда Шығыс Қазақстанда кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман, жолдарда көктайғақ болады», - делінген сейсенбіде таратылған дабылды ескертуде.
Синоптиктердің айтуынша, ШҚО-да оңтүстік-шығыстан басталған жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20, 25 м/с дейін жетеді.
«1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Орал қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

adimage