ШҚО және Маңғыстау облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Астана. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, түнде Жарма ауданында екпіні 25 м/с жетеді», - делінген дүйсенбіде таратылған дабылды ескертуде.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%

adimage