«Шабыт» фестивалінің Президент кубогын Қазақ ұлттық консерваториясының студенті алды

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Шығармашыл жастардың XVII халықаралық «Шабыт» фестивалінің Президент кубогын Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның 3 курс студенті Рахат-би  Әбдісағин иеленді, деп хабарлады дүйсенбі күні Астана әкімінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, биыл халықаралық фестивальға таяу және қиыр шетелдерден 500 астам адам қатысты. Өнерлі жастар алты аталым бойынша бәсекеге түсті.
Байқау бағдарламасының қорытындысы бойынша:
«Камералық ансамбль» аталымында Ұлықбек Иманов жетекшілік еткен Ташкент қаласының «Zebo» квартеті;
«Классикалық музыка» аталымында «Композиторлар конкурсы» бойынша Рахат-би  Әбдысағын;
«Бейнелеу өнері» аталымында көкшетаулық Лолита Хугаева;
«Халық музыкасы» аталымында «Үрмелі аспаптар» бойынша алматылық Райхан Омар;
«Халық музыкасы» аталымында «Шертпелі аспаптар» бойынша алматылық Асылай Әпенова;
«Камералық хор» номинациясы бойынша Астана қаласы Мемлекеттік филормониясының хоры;
«Ең үздік әдеби туынды» аталымы бойынша Түркістан қаласынан Батырхан Сәрсенхан;
«Хорегрофия» аталымы бойынша астаналық Еркін Рахметуллаев Гран-при иегері атанды.
Бұдан бөлек, байқаудың арнайы сыйлық игерлеріне 8 диплом табыс етілді:
Вудиман Яков атындағы сыйлық - Әйгерім Дәуітбаева, Айгүл Раушан;
Ахмет Жұбанов атындағы сыйлық - Никита Палагнюк;
Еркеғали Рахмадиев атындағы сыйлық - Әлібек Андырбаев;
Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы сыйлық - Хакчыназ Ахмадзия;
Болат Сарыбай атындағы сыйлық - Ғанибат Сарқытұлы;
Ғазиза Жұбанова атындағы сыйлық Алматы қаласы Чайковский атындағы колледждің «Алатау» хорына, ал Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық Әлия Іңкәрбекке берілді. Еркін Рахметуллаев Рамазан Апаков атындағы сыйлыққа қол жеткізді.
Айта кетейік, шығармашыл жастардың «Шабыт» халықаралық фестивалі Астанада 3-7 қарашада өтті.

adimage