Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Шамда (Сирия) 1,5 мыңнан астам ТМД жалдамалары соғысуда, деп хабарлады ТАСС, ТМД антитеррорлық орталығының баспасөз қызметіне сілтемелеп.
«Шамдағы қақтығыстарға қатысып жүрген содырлардың арасында Орталық Азия өңірі мен Ресей Федерациясынан шыққандар саны артып келеді. Біздегі мәліметтер бойынша, бүгіндері Шамдағы соғысқа қатысып жүргендер арасында 1,5 мыңдай ТМД азаматтары бар», - деді ведомство басшысы Андрей Новиков БҰҰ антитеррорлық орталығының 2-ші халықаралық конференциясында.
Оның айтуынша, ТМД елдерінен азаматтар әр түрлі діни оқуларға деп шығып кетіп, кейін Шам соғысына қатысуда.
А. Новиковтың айтуынша, үлкен проблема болып отырғаны - Шам соғысынан қайтып келген азаматтар ТМД елдерінде әр түрлі террорлық актілерге бару қаупі.
Оның айтуынша, ТМД елдерінде ондай содырлыққа қарсы тұру үшін тиісті заңдар қабылданып, ондай адамдардың тізімдері жасалып, қолға түскендері жауапкершілікке тартылып жатыр. Сондықтан, дейді ол, осындай жалдамалылар туралы БҰҰ, Интерпол, ШЫҰ, ТМД мен АСЕАН тиісті құрылымдарының арасында ақпарат алмасып отыру қажеттігі бар.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03