Талдықорған. 26 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысы Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына Т4 млрд жұмсауға әзір, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ; атауы – "Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рулеждік жолын және тұрақтары бар перронын реконструкциялау. Құрылыстың 1-ші кезегі"; жоспарлы сомасы – Т3 969 782 398,53», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында 23 қазанда орналасқан лот сипаттамасында.
Бірінші жылы - Т43 268 312,21, екінші жылы -Т1 341 938 048,78 және үшінші жылы Т2 584 576 037,54 жұмсау жоспарланған.
Конкурсқа қатысу үшін алдын-ала өтінім қабылдау 20 қазанда сағат 12.25-те басталып, 14 қараша сағат 12.35-те аяқталады.
Қатысты сілтемелер
-
Жоспарда Алтын Орда тарихы мен Жошы хан туралы фильмдер түсіру - Бектенов26 Сәуiр 2024, 14:09
-
Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда26 Сәуiр 2024, 11:33
-
Шымкентте полиция қызметкерлерінің атын жамылған күдіктілер 10 жылға сотталуы мүмкін26 Сәуiр 2024, 11:23