Щучинск маңындағы адам өлімі болған ЖКО-дан кейін сегіз басшы жазаланды

Көкшетау. 29 мамыр. ҚазТАГ – Щучинск маңындағы адам өлімі орын алған полиция бастығының қатысуымен болған ЖКО-дан кейін сегіз басшы жазаланды, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Көліктегі ПД бастығының 2020 жылғы 27 мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясында полицияның желілік бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қанғожин (Ролан – ҚазТАГ) теріс қылығы салдарынан ішкі істер органынан қуылды. Сондай-ақ, Көкшетау станциясында ПЖБ бастығы полиция полковнигі Ж.Садықов та қызметінен босатылды. Тәртіптік жаза шаралары сондай-ақ, көліктегі ПД басшылық буынындағы алты қызметкерге қатысты қабылданды», - деп хабарлады көліктегі ПД-де агенттік тілшісіне жұма күні.
Еске салсақ, 26 мамырда сағат 15.00-16.00 шамасында Нұр-Сұлтан-Көкшетау «Қазавтожол» ақылы жолына ақы төлеу терминалында 53 жасар ер адамды көлік қағып кеткен еді. Ол оқиға орнында мерт болған. Жүргізушінің өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін белгілі болғандай, көлік рөлінде Көкшетау станциясы желілік полиция бөлімінің Макинка станциясының желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ролан Қанғожин болған. ЖКО құрбанының туыстары шенеунік жауапкершіліктен құтылып кетеді деген қауіптерінің барын айтқан болатын – іс «абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесінің бұзылуы» бабы бойынша тексерілуде.

adimage