Шегірткемен күреске Т7,1 млрд бөлінді, үй сатқандарға салық салынбақ және тағы басқа тақырыптар дайджесті

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Шегірткемен күреске Т7,1 млрд бөлінді, үй сатқандарға салық салынбақ және тағы басқа тақырыптар дайджестін ҚазТАГ агенттігі ұсынады.

Биыл шегірткемен күреске Т7,1 млрд бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен Т7,1 млрд бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, биыл шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.

«Жұмысқа 443 бірлік бүріккіш техникасы мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады», - дейді министр.

Астана әуежайын одан әрі дамытуға $1,1 млрд тартылады

Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы Астанадағы әуежайды және оған іргелес аумақты кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны $1,1 млрд, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәлімдеуінше, келісім аясында инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерге арналған cargo терминалын салады. Сонымен қатар, инвестор индустриялық-логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлауда.

«Астана LRT» ЖШС-ның сырттай сотталған бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды

Астана LRT жобасындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Аikyn.kz.

2019 жылғы қыркүйекте бас прокуратура Түркияның әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын. Нәтижесінде экс-басшы Анталья қаласында ұсталды.
«Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», – деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Еліміздің құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

«Үй сатқандарға салық салынатын болады»

Үй сатқандарға салық салынбақ. Елімізде келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі осыны көздейді. Енді нысанға иелік етудің ең аз мерзімінің шегі екі есе ұлғайтылмақ. Бұл межеден асқан соң ғана, салықсыз сатуға болады, деп хабарлайды «Курсив».

Қазір жаңа сатып алған үйіңізді бір жылдан кейін қайта сатуыңызға рұқсат. 2026 жылдан бастап, екі жылдан кейін ғана салық төлемей сата аласыз. Бұл пәтерлерді алып сатарларға, пайда табу үшін үй сатқандарға қолдануды көздейді.

Ақпаратқа сәйкес, бұл тек пәтерлерге, жеке үйлерге ғана қатысты емес. Саяжай, көлік тұрағы, шаруашылық және басқа да мүліктерге де осындай салық салынады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage