Шекара қызметінің директоры Жоламанов пара алған және ҰҚТ-ға қатысқан деп айыпталуда

Күні: 13:12, 30-10-2014.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ - ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов пара алған және қылмыстық ұйымға қатысқан деп айыпталуда, деп хабарлады Ақмола горнизонының әскери сотының баспасөз қызметінен.  
«…Қылмыстық кодекстің 311 б. 5 т. және 235 б. 3 т.  қылмыстарды жасаған деген күдікпен ұсталды. Осы баптар бойынша айыпталуда», - деп хабарлады Ақмола горнизоны әскери сотының баспасөз хатшысы Мақпал Мағзұмова.
«Қылмыстық кодекске сәйкес Н.Жоламановтың әрекеті 311 б. 5 т. бойынша аса ірі көлемде пара алған (мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) және 235 б. 3 т. бойынша қылмыстық қауымдастыққа (қылмыстық ұйымға), немесе ұйымдасқан қылмыстьық топтың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өкілдерінің бірлестігіне қатысқан (3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады) деп бағалануда», - деп түсіндірді әскери сот қызметкері.
М.Мағзұмованың айтуынша, әзірге 27 желтоқсаннан кейін қамау жалғаса ма, жоқ па - белгісіз.  
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов қамауға алынды.
«Оны кеше 22 сағатта 27 желтоқсанға дейін қамауға алды», - деп хабарлады  ҚР әскери сотының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 2014 жылдың 27 қазанында ҚР ҰҚК өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Н.Жоламановты ұстады. Іс бойынша қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл істі ҚР бас әскери прокуратурасы қадағалап отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: