Shell сыбайлас жемқорлық қауіптері салдарынан ҚМГ акцияларының үлесін сатып алуға қызығушылығын жоғалтты – БАҚ

Күні: 18:55, 09-10-2018.

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Royal Dutch Shell (Shell) британдық-нидерландылық мұнайгаз компаниясы сыбайлас жемқорлық қауіптері салдарынан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының үлесін сатып алуға деген қызығушылығын жоғалтты, деп хабарлады голландиялық   De Telegraaf.
«Shell мұнайгаз алыбы ҚМГ қазақстандық мемлекеттік компаниясына қызығушылығын жоғалтты.  Жүргізілген тексерулерден кейін 2019 жылы қор нарығына шығуға дайындалып жатқан компанияда сыбайлас жемқорлық қаупі өте жоғары болса керек», - делінген сейсенбідегі инсайдерлік хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін дерек көздері хабарлағандай, Shell ҚМГ жариялағанға дейін оның акцияларының үлесін сатып алмақ болған.  
«Енді біраз уақыттан бері ынтымақтастықта келе жатқан ҚМГ-дегі   Shell компанияның құрылымдық дамуын және оның (корпоративті – ҚазТАГ) мәдениетін қолдағысы келеді.  Тараптар Қашаған мен Қарашығанақтағы мұнайгаз жобалары бойынша белсенді жұмыс жасап жатыр», - делінген хабарда.
Сондай-ақ басылым атап өткендей, Қазақстан үкіметінде жекешелендіру портфелі қалыптастырылған, ол мұнай бағаларының алдыңғы құлдырауымен келісілген, ол елдің мемлекеттік кірісіне үлкен зиян келтірген.  
Еске салсақ, 2 қыркүйекте ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қарашығанақ акционерлерімен арадағы дау реттелгеннен кейін Қазақстанның қосымша табыстары мұнай бағасына қарай   $360 млн - $423 млн аралығында болады деп мәлімдеген еді. Қарашығанақ жобасының акционерлері оның айтуынша, алдағы 3 жылда Қазақстанға $1,111 млрд. сома көлемінде өтемақы төлейді. Жобаның ірі акционерлерінің қатарында  Royal Dutch Shell бар


Жаңалықтармен бөлісу: