Шенеуніктер СҚО құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай жатыр

Петропавл. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес біз тіпті бұл жағдайда да нысандарға кіре алмаймыз. Фабрикалардың өздерінің ақпарынша, оларда құстар өліп жатқан жоқ, алдын алу шаралары қабылдануда. Карантин жарияланған кезде жағдайға мониторинг жасайтын боламыз», - деді бейсенбідегі брифингте ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраев.
Соңғы ақпар бойынша, жоғары қауіпті H5 құс тұмауының вирусы СҚО жеті ауданында тіркелген - Тимирязев, Тайыншы, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов ат. М.Жұмабаев ат.
«Карантин аталмыш аудандардағы 10 елдімекенде енгізіледі. Бұл дегеніміз тірі құсты және құс өнімдерін карантин аймағынан шығаруға тыйым салуды білдіреді. Карантин шаралары – тәркілеу, вакцина салу, түсіндіру жұмыстары – ауру тараған жерден 8 км қашықтықта жүргізіледі», - деді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
Оның айтуынша, әр елдімекен жанында үш карантин аймағы орнатылады: ауру ошағы, буферлік аймақ және бақылау аймағы.
«Бірінші аймақта ауру құсты алып тастау, вакцина егу жұмыстары жүргізіледі, екінші аймақта – вакцина жүргізіледі, үшіншісінде – бақыланады. Карантин соңғы ауру тіркелген күннен кейін 21 күн өткен соң алынып тасталады», - деді Әлжанов.
Ол хабарлағандай, қазіргі таңда СҚО-да құс тұмауы салдарынан 7 мыңнан астам түрлі құс өлген.

adimage