Шетелде тағылымдамадан өту үшін енді қазақстандық инженерлерге ағылшын тілін үйренуді міндеттейтін болады

Күні: 13:14, 13-11-2014.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Шетелде қайта даярлаудан өтетін және ағылшын тілін білмейтін өнеркәсіп инженерлер топтарына арнайы «салалық» аудармашыларды бекітетін болады, деп хабарлады «Ұлттық технологиялық даму агенттігі (ҰТДА)» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов.
«Біздің агенттік өзіндік «көпіршенің» міндетін атқармақ. Мынадай жоспар бар: біз белгілі бір саладан (шетелде – ҚазТАГ) оқытылуы қажет инженерлер пулын жинаймыз. Тіл мәселесін келесідей тәсілмен шешуді ұсынамыз: біз оларға техникалық аудармашыны бекітеміз. Егер сала ТМК болған болса, онда ТМК жөніндегі маманды бекітеміз, мәселен. Қазір көптеген жігіттер батыстық біліммен «Қазақмыс», «Қазмырыштарда» жасап жүр. Және ол аудармашы басынан аяғына дейін оларды сүйемелдей отырып, өздері де құзырет жинақтай бермек», - деді Ж. Сәлімов бейсенбі күні технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі «дөңгелек үстел» отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарда жұмыс істейтін көптеген тәжірибелі инженерлер техникалық терминдер туралы айтпағанда, қарапайым ғана ағылшынды білмейді. Мұнымен қатар олардың көбі – шетел тілін үйрену үлкен қиындықтар туғызатын аға буын өкілдері. Нәтижесінде тәжірибелі мамандар дәл сол тіл мәселесінің салдарынан шетелдік тағылымдамадан бас тартады.


Жаңалықтармен бөлісу: