Шетелдік көлік тұрақта тұрған машинаға соқты; үш адам зардап шекті

Күні: 10:56, 01-08-2019.

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ- Шетелдік көлік тұрақта тұрған машинаға соқты; үш адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Бурундайға жетпей Момышұлы көшесінде орын алды. Алдын-ала ақпар бойынша тұрақта тұрған Audi көлігіне толық жылдамдықпен Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Nissan Cefiro машинасы соққан. Соққы салдарынан үш адам зардап шеккен: екеуі Audi және біреуі Cefiro жолаушысы», - деді бейсенбіде оқиға куәгері.
Оның айтуынша, зардап шеккендер түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Куәгер атап өткендей, соққының қатты болғаны соншалық, Audi жанына шамамен 30 м жылжып кеткен.
Ары қарай мән-жайды анықтаумен полиция айналысып жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: