Шетелдік көлік жүргізушісі Алматыда полиция бекетінің бағанасына соқты

Күні: 11:59, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Toyota көлігінің жүргізушісі Алматыдағы полиция бағанасына соқты, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
«Аталмыш жол-көлік оқиғасы өткен түнде орын алды. Toyota Carina көлігінің 1985 ж.т. жүргізушісі Бұқтырма көшесімен халықаралық әуежайға қарай бара жатып, көлік рөлін басқара алмай қалып стационарлық полиция бекетінің бағанасына соққан», - деді Әзірбек жұма күні.
ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қолда бар ақпар бойынша көлік жүргізушісі сау болған.
«ЖКО жағдайы тексеру барысында анықталатын болады, істі Түрксіб ауданының әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінің қызметкерлері анықтауда»,- деді Әзірбек.


Жаңалықтармен бөлісу: