Шілде айының басында "Алтын Орда" жолайрығында қозғалысты ашу жоспарлануда - ҚР ИИДМ

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ-шілде айының басында Алматыдағы "Алтын Орда" базарының жанында эстакада арқылы қозғалыс ашу жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ).
"Шілде айының басында асфальтбетон жабынын төсеу және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін "таға" түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарлануда, - деп дүйсенбіде таратылған ИИДМ ақпаратынан көрінеді.
ИИДМ мәліметтері бойынша, негізгі автожолда жарықтандыру жұмыстары аяқталды, эстакаданың жүру бөлігіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскедегі екі ауысымдық жұмысқа 100-ге жуық маман мен 15 техника жұмылдырылды.

adimage