Әшімбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Күні: 19:15, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Мәулен Әшімбаев президент көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Әшімбаев 2018 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін Nur Otan партиясының бірінші орынбасары, 2011 жылдан бастап мәжіліс депутаты, 2006-2011 жылдар аралығында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.


Жаңалықтармен бөлісу: