Шолпанқұлов ҚР бірінші қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ - Берік Шолпанқұлов ҚР бірінші қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов ҚР бірінші қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Бұан дейін ҚР бірінші қаржы вице-министрі қызметін Руслан Даленов атқарған еді, ол мемлекет басшысының жарлығымен 25 ақпаннан бастап ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Еске салсақ, Шолпанқұлов бұған дейін 2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап ҚР үкіметінің қаулысымен ҚР қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.

adimage