Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – 6 наурызда Шорт-тректен ерлер командасы Қазақстанға Универсиада-2019 ойындарында қола жүлде әкелді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Біздің спортшылар эстафетада тұғырдың үшінші деңгейіне көтерілді. Жарыстың осы түрінде Оңтүстік Корея жеңіске жетті. Ресейліктер күміс медальға ие болды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұл ретте ҰОК басында жапондықтар үшінші болып келе жатқан. Алайда қазылар алқасы «қоланы» қазақстандық командаға тапсыру туралы шешім қабылдаған.
Шорт-тректен Қазақстанның ерлер командасы Универсиада-2019 ойындарында «қола» иемденді
