Шотландия үкіметін тұғыш рет әйел басқаратын болды

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Шотландияның бірінші министрі және ұлттық партия (ШҰП) көшбасшысы Никола Стерджен тағайындалатын болды.
Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, бұл қараша айында өтетін партия конференциясында, қазіргі бірінші министрі  Александр Салмонд қызметінен кеткен кезде болатын болды. Сөйтіп, Н. Стерджен Шотландия үкіметін басқаратын тұңғыш әйел болады.
Хабарда айтылғандай, Н. Стерджен партиядағы екінші адам және бірінші министр орынбасары болып табылады. Ол өзінің кандидатурасының парламентте бекітілген соң бірінші министр қызметіне кірісе алатын шығар.
«Менің міндетім – шотландиялықтарды өз тарихының тамаша жаңа кезеңіне бастап бару», - деп айтқан Н. Стерджен сөзін БАҚ-тар келтіріпті.
Еске салсақ, Н. Стерджен қазіргі бірінші министр А. Салмондтың орынбасарлығында 10 жыл болды.

adimage