Тараз. 1 сәуір. ҚазТАГ – Шуды карантинге жабады деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Әлеуметтік желіде Шу қаласын 30 наурызда карантинге жабады деген жалған ақпарат тараған. Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 30 наурызы күні жалған ақпарат таратқан 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ұсталған азаматша әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, қателік жасағанын мойындады.
«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді полицейлер.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08