Швейцарияда Абай мен Әл-Фарабидің суреттері бейнеленген маркалар шығарған

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Швейцарияда Абай мен Әл-Фарабидің суреттері бейнеленген маркалар шығарған, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен.
«Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданатын болады.
«Сондай-ақ оларды Швейцария бойынша тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде», - деді сыртқы саяси ведомстводан.
СІМ еске салғандай, Швейцарияда халықаралық филателиялық көрмелер бірнеше рет өткен болатын және пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады.
«SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді. Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты», - делінген хабарда.

adimage