Ташкент. 7 қараша. ҚазТАГ – Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік антитеррорлық құрылымы (ӨАТҚ) мен интерпол терроризммен күрес мәселесінде өзара ынтымақтастықты жандандырмақшы, делінген жұма күнгі ШЫҰ ӨАТҚ сайтында жарияланған хабарда.
ШЫҰ ӨАТҚ атқарушы комитетінің директоры Чжан Синьфэн мен инерполдың бас хатшысы Роналд Ноубл кешегі бейсенбі күні өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Монакада интерполдың 83-ші бас ассамблеясы барысында қол қойылды, делінген хабарда.
«Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған соң ұйым жетекшілері өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша және қауіпсіздік саласындағы келешегі бар жолдар туралы пікір алмасты», - деп хабарлады ӨАТҚ баспасөз қызметінен.
ШЫҰ мүше мемлекеттері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет статусына ие елдер Ауғанстан, Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан, диалог бойынша әріптесі - Белоруссия, Шри-Ланка және Түркия. ӨАТҚ 2004 жылы құрылған, ол Ташкентте орналасқан.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50