Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысына Т24,5 млн айыппұл салынды

Күні: 10:41, 26-09-2019.

Астана 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің (ҚДСД) бұрынғы басшысы Ғазез Сүлейменовке Т24,5 миллион айыппұл салынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«25 қыркүйекте Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен Сүлейменовке пара алды және алаяқтық жасағаны үшін Т24,5 млн. Айыппұл салынды, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.
Іс материалдары бойынша, Сүлейменов жалпы қорғау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін, сондай-ақ жұмыс актісіне қол қою кезінде алаяқтық жасағаны үшін қол астындағылардан Т700 мың мөлшерінде пара алған.


Жаңалықтармен бөлісу: