Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрттерін тексеру басталды

Өскемен. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрттерін тексеру басталды, деп хабарлайды Noks.kz.

«Комиссия өрттің себебін анықтап, оларды сөндіруді ұйымдастыру жұмысына баға беруі және  және өрттің таралуын болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеуі тиіс», - деп хабарлады орман инспекциясынан.

Атап көрсетілгендей, 2 қыркүйекте Зырян орманшылығының аумағында, 5 қыркүйекте  - Үлкен орман шаруашылығының, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Марқакөл орман шаруашылығының аумағында, 7 қыркүйекте  - Күршім орман шаруашылығының аумағында ірі өрт шыққан.

adimage