Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 7 маусымда дауылды ескерту жарияланды

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 7 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«07 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Өскемен қ.: 07 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 07 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, 7 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 7 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage