Шығыс Қазақстанда табиғатты қорғауға жауапты шенеунік браконьерлік балық партиясымен ұсталды

Күні: 11:37, 14-11-2014.

Өскемен. 14 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанның Құршым ауданында облыстық орман шаруашылығы және хайуанаттар әлемі аумақтық инспекциясының жетекші орынбасары Владимир Шешуков аулауға тыйым салынған балықтар партиясымен ұсталды, деп хабарлады аудандық ішкі істер бөлімінен.
«Инспекция басшысының орынбасары Шешуков инспекцияның бас маманы Жеңісхановпен бірге қызметтік іссапарда болған Марқакөл қорығынан қайтып келе жатқан, Мәрмәр асуы маңында оның автомобилін АІІД қызметкерлері тоқтатады, көлікті тексеру кезінде аулауға тыйым салынған 18 келі ускуч балығы табылған», - деп хабарлады аудандық полиция бөлімінен жұма күні.
Полицейлердің айтуынша, мемқызметкер мен инспекция қызметшісіне әрқайсын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша айыппұлға тартумен бірге балықшылық ережелерін бұзу туралы хаттама толтырылды. Мұнымен қатар, АІІД-дан атап өткендей, екі заң бұзушы да айыппұлды бірден төлеген, сондай-ақ табиғатқа келтірілген шығынның орнын толтырған.
Ускуч сібірлік бақтақ немесе ленканың эндемикалық (жалғыз жерде кездесетін) түрі болып табылады. Марқакөл көлінде тіршілік етеді, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976 жылы көлдің балық қорын қорғау мен сақтау, биік таулы көлдің балық және жануарлар әлеміне ғылыми бақылау жүргізу үшін құрылған.
1АЕК=Т1852


Жаңалықтармен бөлісу: