Шығыс Қазақстандағы Зыряновск қаласының атауы Алтай деп өзгертілмек

Күні: 16:56, 21-09-2018.

Өскемен. 21 қыркүйек. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстандағы Зыряновск қаласының атауы Алтай деп өзгертілмек, деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
«Көше атауын өзгерту туралы ақырғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды, бірақ мен Зыряновскінің Алтай болып өзгертілгенін қолдаймын. Бұл тарихи тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да мақұлданған. Алтай - бұл бренд, демек, атауын өзгерту де бұл өңірге туристерді тартуға ықпал етеді», - деді Д.Ахметов жұмада Зыряновскіге барған сапарында.
Хабарда атап өтілгендей, 28 қыркүйекте Зыряновскіде қала көшелерінің атауын өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық келісім өтеді, Cол жерде қаланың өзінің атауын өзгерту мәселесі де қозғалады.
.


Жаңалықтармен бөлісу: