Атырау. 21 ақпан. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Кешегі сәрсенбіде Атырауда американдық Emerson Process Managementкомпаниясының жаңа сервистік орталығының ашылуы болды. Орталық осы өңірдегі мұнай өндіруші және мұнай өңдейтін компанияларға қызмет көрсетеді деп күтілуде. ҚазТАГ-қа берген сұхбатында Шығыс Еуропадағы Emerson Process Management вице-президенті ЙоханВандерплаетсе компанияның Қазақстандағы келешегі туралы айтып берді.
- Йохан Францевич, сіздіңше сіздің компанияның Атырауда аталған кеңсесінің ашылуының Қазақстан үшін мәні неде?
- Біріншіден, ол біздің тапсырыс берушілеріміз, серіктестеріміз үшін маңызды, себебі олар бізден қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін күтуде. Бүгін таңертең ғана мен «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының басшылығымен сөйлестім. Өзіңіз білетіндей, ТШО Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды компания – ол мұнайгаз өндірумен айналысады, және бюджетке орасан зор қаражат төлеп, инвестиция салып отыр. Құдай бетін аулақ қылсын, егер қандай да техникалық проблемалар туындауынан өндіріс тоқтап қалуы мүмкін. Ол тек компанияның ғана жағдайына емес, Қазақстан экономикасына да әсер етеді.
Осындай компаниялар өз серіктестерінен жедел әрекет күтеді, осы жерде туындаған тактикалық мәселелерді шешуде, деп айтса болар. Дәл сол үшін біз осындамыз –Қазақстанда, дәл сол үшін біз Атыраудан кеңсемізді ашып отырмыз. Сол үшін біз экономикаға көмектесетін мақсаттар мен сұлбаларды дайындап жатырмыз.
- Сіздің компания қанша жұмыс орнын ашты?
- Бүгінге 70 адам, бірақ алда біз оны еселемекшіміз. Біздің Атыраудағы кеңседе қазір 10 адам жұмыс жасайды, келешекте олардың санын 30-35 адамға жеткізу жоспарда.
- Атыраулық сервис орталықта жергілікті құрам пайызы қандай болады?
- Жергілікті құрамға келсек, ол алғашқыда 30-40%болады деп ойлаймыз.
- Компания Қазақстандағы өз жұмысы барысында жаңа технологиялар әкеледі деп күтсе болар. Солай ма?
- Көптеген жаңа қызықты технологиялар бар. Мысалы келтірсем, сымсыз технология. Оларды пайдалану экология мәселесін терең және жан-жақты шешуге, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Іntegrated operation centrтехнологиясы бүгіннің өзінде қашықтан өндіріс процессін басқаруға, тіпті ұңғы Алматыдан 1-2 мың шақырымда орналасса да, немесе өндіріс қауіпті жерде орналасса да, мүмкінідк береді. Бұрын ол мақсатта инженерлерді жіберуге тура келер еді. Сымсыз технологиялар мен телекоммуникациялар арқасында осы ұңғыларды басқару орталықтарын Алматының ортасына салуға болады, және бұрын нысандарда жұмыс атқарған инженерлер енді оған бармай-ақ қашықтан осы нысандағы жұмыстардың 90%-ын атқара алады.
- Әңгіме тек мұнайгаз өндіретін компаниялар туралы болып отыр ма?
- Аталған технологияларды көмір өнеркәсібінде де пайдалануға болады. Сіз білесіз, шахталар күрделі нысандар болып табылады, және бүгін ара қашықтан осындай өндірістерді де басқаруға болады. Ол аз десеңіз, біз қазір қазақстандық техникалық ЖОО-лармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар келешекте бізбен бірге ЭЕМ бағдарламаларын жасауы, ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуі үшін. Мен оны қа қазақстандық құрам деп есептеймін. Жергілікті құрамның ең маңыздысы - ақыл-ой ғой, соларды шоғырландыру маңызды, ол – сіздердің инженерлерді пайдалану, адам дарындарын пайдалану, біз сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
- Йохан Францевич, компания жоспарында Қазақстанның басқа да өңірлерінде сервистік орталықтар ашу жоспары бар ма?
- Сөзсіз. Біз осындай орталықтарды Павлодар мен Шымкентте ашпақшымыз.
- Айталық, Батыс Қазақстанда сіздердің клиенттеріңіз мұнай компаниялары делік, ал Павлодарда кімдермен жұмыс істеуді жоспарлап отырсыздар?
- Павлодарда ірі мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) бар. Сіз білесіз бе, таң қаларлық дерек: мен Батыс Еуропадағы мұнай мен газ өңдеуге қарағанда оларда дағдарыс, олар барлық МӨЗ-дерінің 20%-ын жабуы мүмкін, ал Ресей мен Қазақстанда қазір бар зауыттарды жетілдірудің белсенді жұмыстары жүргізіліп жатқанын байқадым, және біз оған шынымен де көмектесе аламыз. Бұл тамаша, Қазақстанның МӨЗ-дерін жетілдіріп жатқаны.
- Сұхбатыңызға рахмет.